Жөтелдің түріне тәуелсіз: жөтел үнемі тітіркендіреді және жағымсыз әсер тудырады!

Алдымен жөтел құрғақ, түршіктендіргіш болады, кейін ол ылғалды жөтелге айналады, бірақ қандай болғанына қарамастан жөтел әрқашан жүйкеңізді тоздырып, жағымсыз әсер қалдырады. Жөтел әсіресе түнде мазаңызды алатын, әдеттегі суық тиюдің белгісі болып табылады. Жөтелге төзіп жүрудің қажеті жоқ – оны дұрыс емдеу қажет!
Суық тию кезінде болатын респираторлық инфекциялардың екі түрі:
- а) жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, мысалы, ринит немесе синусит
- б) төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, мысалы, бронхит
Бұл жағдайларда көбінесе жөтел төменгі және/немесе жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларының белгісі болып табылады. Бұл инфекциялар вирустардан пайда болады және бірнеше күннен екі аптаға дейін созылуы мүмкін.
Кесте: Жөтел кезеңдері және Бронхистоп шәрбатының белсенді құрамдас бөліктері
Жалпы айтқанда, жөтелді екі категорияға бөлуге болады: құрғақ жөтел және ылғалды жөтел. Құрғақ жөтелді ылғалды жөтелден ажырату әрдайым оңай бола бермейді және жабық кезеңдерде ол қиындай түседі.
Құрғақ жөтел тамаққа сырт бөлшектердің, шаң немесе тамақ инфекцияларының түсу себебінен тамақты тітіркендіріп, тамақты қышытады. Мұндай жөтелде шырыш немесе қақырық қалыптаспайды. Құрғақ жөтелді жөтелге қарсы дәрі-дәрмектермен емдейді.
Ылғалды жөтел (жөтел) өкпеден шырыш пен қақырықтың бөлінумен ажыратылады. Жөтел рефлексі қақырықтың түсуріп, өкпені тазартуға арналған ағзаның механизмі. Ылғалды жөтелді әдетте қақырық түсіретін дәрмектермен емдейді.
Уақытылы емделу өте маңызды, уақытылы емделмеген жағдайда инфекция ауыр сырқатқа дейін апаруы мүмкін (мысалы, бронхит). Бұл вирустық инфекцияның аясында организмнің иммундық жүйесі әлсіреп, бактериялардың күшеюіне байланысты орын алады, мұның салдарынан аталмыш қайталама бактериалды инфекция асқынады. Бактериалық және вирустық инфекцияларды ажыратуға болатын белгілердің бірі бөлінетін шырыштың түсі болып табылады:
Вирусты инфекция кезінде қақырық көбінесе шырышты және ақ түсті болады. «Жай суық тию», әдетте, жіті вирусты инфекциядан пайда болады. Суық тиюдің белгілеріне: жөтел, тұмау, тамақтың қышуы, кейде бұлшық еттің ауыруы, бас ауруы және дене қызуының көтерілуі жатады.
Бактериалды инфекция кезінде бөлінген қақырықтың түсі сарғыш-жасыл болады.
Егер аталған белгілер 1 аптадан артық уақыт сақталатын болса, тез арада дәрігерге көріну қажет, өйткені антибиотиктармен емдеу қажеттілігі тууы мүмкін.
Жебір шөбінің сығындысы немесе жалбызтікен тамыры секілді өсімдік препараттары бұрыннан жөтелді симптоматикалық емдеу үшін қолданылады. Жебірдің секретоликалық және бронхолетикалық қасиеттері бар. Оған қоса ол бронхыдағы кірпіктердің белсенділігін артты. Ол өз алдына қақырықтың түсуін жеңілдетеді. Жалбызтікен тамыры тамақтың тітіркенуін басып, жөтелу сезімін тудырмауға көмектеседі.