Суық тию вирустарынан нақты қорғаныс жоқ, дегенмен - Сіз бұл суық тию белгілерін тиімді емдей аласыз!

... Сіз бұл суық тию белгілерін тиімді емдей аласыз!
Суық тию аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетіні. Біз жылына төрт ретке дейін ауырамыз, балалар одан да көбірек ауыруы мүмкін. Балалардың жылына он рет ауыруы әдеттен тыс емес. Өйткені вирустың 300-ден астам түрлері бар, ал бастан өткен ауралардан иммунитет төмендей береді. Суық тию вирустарына қарсы тұратын, нәтижесінде емделушіге ешбір зияны тимейтіндей емдік шаралар жоқ. Суық тию вирустарына қарсы нақты қорғаныс жоқ болса да, сіз суық тию белгілерін суыққа қарамастан өз күніңізден рахат ала алатындай тиімді емдеуіңіге болады!
Суық тиген кезде тұмау және тамақ ауруы, кейде дене қызуының көтерілуі сияқты белгілерге қоса бас ауры, бұлшық еттердің қақсауы және жалпы жағдайдың нашар болуы сияқты белгілер болуы мүмкін. Кейбіреулер өздерін әлсіз сезінуі мүмкін. Осыған орай айтылған сөзде: «Суық тисе, үш күн басталады, үш күн ауырасың, тағы үш күнде жазыласың» делінген. Расында да бұл солай! Суық тию ауруларымен шамамен бір апта ауырамыз – көбінесе осы мерзімнен кейін сауығып кетеміз.
Алдымен суық тию тамақтың қышуымен және дене тітіркенуінен байқалады. Кейін ол тұмауға алмасады. Бір-екі күннен кейін тамақ ауруы және тұмау бәсеңдейді. Мұрындағы шырышты қабаттар ісініп, мұрын арқылы тыныс алу қиындайды. Осы мерзімде емделушілер бас аурын және/немесе жалпы хәлдің нашарлауын байқайды. Вирустар бронхыға жеткеннен кейін, төртінші күні инфекция өршіп, қатты жөтел тудырады. Көптеген емделушілерде байқалатын дене қызуының көтерілуі де инфекцияның белгісі болып табылады.
Суық тию адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғады: адамдар бізге қарап жөтеледі немесе түшкіреді. Осындай жағдай болған сайын ауаға миллиондаған вирустар таралады; ауадағы ұсақ тамшылар бір минуттай уақыт сақталса, ауаға таралған вирустар ауада бірнеше сағат бойы сақталып қалуы мүмкін. Әр тыныс алу кезінде вирустар басқа адамдардың тыныс алу жолдарына енеді. Немесе сіз суық тиген адамның қолын алып, кейін аузыңызды ұстасаңыз да жұқтырасыз – ғалымдар аурудың таралуының негізгі көзі қол екенін анықтады.
Қолды жиі жуу алдын алу мақсатында жасалған шаралардың басты қадамы болып табылады. Күшті иммундық жүйе қалғанын қалғанын ретке келтіреді – басқа сөзбен айтқанда, басқа вирустарға қарсы тұруға көмектеседі. Иммундық жүйесі нашар адамдар иммунитеттері күшті адамдарға қарағанда жиі ауыратындықтары белгілі!Жылдың суық мезгілдерінде ағзаға қажетті дәрумендер мөлшерін алу және күніне бірнеше рет балғын көкөністер мен жемістер жеу маңызды. Орынды физикалық жаттығулар мен дұрыс ұйқы да иммундық жүйені көтеруге көмектеседі.
- Суық температура суық тию қатерін арттыруы мүмкін: суық температура шырышты қабықшалар арқылы қан ағысын шектеу арқылы ағзаның қорғаныс күшін әлсіретеді. Жай ғана аяқтың тоңуы ағзаға «қауіп төнді» деген белгі беруі мүмкін, ол өз алдына қан тамырларының тарылуына әкеледі.
- Шамадан тыс ыстық бөлмелер де суық тию ауруына әкелуі мүмкін: жылы ауа микро ағзаларға төтеп беретін маңызды бөгеу болып табылатын шырышты қабықшаларды кептіріп, микро ағзаларға жол береді. Енді вирустар ағзаға оңай өтіп, өрбулері мүмкін.
- Күйзеліс те ағзаның қорғаныс күшін төмендетеді: күйзелісті, мысалы, күнделікті босансуға арналған жаттығуларды жасау арқылы басу иммунды жүйені күшейтуге және ағзаның қорғаныс күшін нығайтуға септігін тигізеді!
- Күніне кем дегенде екі литр су ішіңіз! Бұл шырышты қабықтың ылғалдығын сақтайды. Құрғақ шырышты қабықтар – бактериялар мен вирустардың жағымды ортасы.
- Қажетті көлемде жаттығужайсайтындығыңызға көз жеткізіңіз және жаттығуларды таза ауада жасаңыз! Бұл суық жыл мезгілдеріне де қатысты – жылы киінуді ұмытпаңыз. Күз-қыс мезгілдерінде далаға міндетті түрде бөкебай, қолғап және бас киім кию қажет. Қыста көп жылу жоғалады, әсіресе басымыздан.
- Толыққанды және тыныш ұйқыны қамтамасыз ету қажет. Зерттеушілер жеткілікті ұйқы инфекциялардан қорғайтындығын анықтады. Әдетте әр адамның қажетті ұйқы мөлшері әртүрлі, алты және тоғыз сағат аралығында. Суық тию ауруын, грипп және басқа да инфекциялық аураларды емдеуде төсек тартып жату да өте маңызды.
- Үйлесімді ем дәм! Бұл да қажетті мөлшердегі дәрумендерді қабылдауды білдіреді. Дәріханада сататын дәрумендер деніңіздің саулығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
- Иммундық жүйені ыстық және суық душпен, саунамен және төзімділікті арттыратын жаттығуларменшынықтырыңыз.
- Күніне бірнеше рет қолыңызды жуыңыз!
- Бөлмені бірнеше рет желдетіп отырыңыз, ауаның құрғақ болуына жол бермеңіз.
- Қыз және күз мезгілдерінде шамаңыз келгенше адамдар көп жиналған жерлерден аулақ болуға тырысыңыз. Бұндай жерлерде суық тию вирустары жиналады.
Егер сізге суық тисе, келесі шаралар сіздің сауығып кетуіңізге көмектеседі!
- Толыққанды демалыс
- Толыққанды ұйқы
- Тексерілген үй әдістері: тамаққа және/немесе балтырға арналған суық компресстер, ингаляция
- Таза ауа
- Бөлменің қажетті мөлшердегі ылғалдылығы
Қандай жағдай болмасын, темекі шекпеңіз, өйткені бұл улы заттар ағзаға сіңіп, шырышты қабыққа жағымсыз әсер етеді.
- суық тию он күннен артық уақыт жалғасса;
- дәрі-дәрмек қабылдағанға қарамастан дене қызуы және ауру екі күннен артық созылса;
- жөтелгенде шыққан қақырықтың түсі сарғыш-жасыл түсті болса. Өйткені бұл кейбір жағдайда антибиотиктармен емделетін бактериалдық ауру болуы мүмкін.
- Егер ауру өрши түссе немесе үш күннен артық жалғасатын болса;
- Тілде немесе тамақтың шырышты қабатында ақ түстен, сары түске дейінгі түсу байқалса. Бұл грибоктық инфекция екендігін білдіруі мүмкін.
- Көмекей безде нүктелі дақтар байқалса;
Жоғарғы тыныс алу жолдарына суық тигенін келесі белгілерден білеміз: тұмау, тамақ ауруы және бас ауруы. Бұл ауру кез келген жыл мезгілінде болуы мүмкін. Ал грипп тек грипп вирустары таралатын эпидемия кезінде ғана болады. Басқа сөзбен айтқанда, әдетте грипп эпидемиясы жазда болмайды. Грипп тез және оңай жұғады, жұққан жағдайда дене қызуы көтеріледі, мұндай температура түспейді немесе нашар түседі. Тағы бір нақты белгісі – ол бұлшық еттердің ауруы. Ауырған жағдайда тездетіп ем шараны бастау қажет, өйткені грипп вирустары ағзаға оңай өтеді, сондықтан вирустармен күресу уақытын өткізіп алмаған жөн.
Грипп сияқты инфекциялық аурулар адамнан адамға жұғады. Жұқпалу аурудың алдын алу үшін ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) барлықтарын қорғау үшін және аурудың таралуына жол бермес үшін әркімге вакцина салуды ұсынады. Вакцинация әсіресе балаларға, жүкті әйелдер мен ауруға шалдыққандарға немесе асқыну тәуекелі байқалғандарға салынады. Грипп виурстары айтарлықтай тез өзгеретіндіктеріне байланысты жыл сайын вирустың басқа түрлері пайда болады, осыған орай вацинация жылда жасалуы қажет.